АЭС салу Қазақстан үшін жаңалық емес
Шындығында еліміздегі алғашқы АЭС – жылдам нейтронды ядролық реактор Ақтау қаласында (бұрынғы Шевченко қаласы) салынып, жиырма алты жыл бойы жұмыс істеп тұрды. Бұл жайында Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина Өскеменде өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Қазақстандағы алғашқы АЭС, яғни жылдам нейтронды ядролық реактор Ақтау қаласында (бұрынғы Шевченко) салынып, жиырма алты жыл бойы жұмыс істеп тұрды. Ол энергия өндіру және теңіз суын тұщыландыру мақсатында қолданылған болатын. Сол уақытта АЭС жұмысында бірде-бір қауіпті, апатты жағдай болған жоқ, – деді Ольга Булавкина.
Сенатор сол себепті қазіргі қауіптенулердің негізі жоқ деп санайды. Ольга Александровна жобаның жүзеге асу мерзімі туралы да айтып берді.
– АЭС құрылысы 60 айдан 70 айға дейін созылады және рұқсат құжаттарын алу процесі үш-төрт жылға созылады. Жалпы, жобаны іске асыру мерзіміне он жылдай уақыт кетеді, – деп атап өтті Ольга Булавкина.
Фото: Нелли Петенева
Оқи отырыңыз