ШҚО мен Германия арасында қосдипломды бағдарламалар жүзеге аспақ
Өскеменде өткен Қазақ-Неміс ғылым және технологиялар институтының ашылу рәсімінде биыл Бранденбург техникалық университетімен серіктестікте «Металлургия» екі дипломды магистрлік бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ геология, тау-кен ісі, механика және металл өңдеу, тұрақты даму бағыттары бойынша Фрайберг тау-кен академиясы, Бохумдағы Рур университеті, Штутгарт университеті және Клаусталь техникалық университетімен бірлескен екі дипломды бағдарламалар ашу жоспарланып отыр. Енді тек Шығыс Қазақстанның емес, бүкіл еліміздің студенттері екі ел арасын жақындатып, заманауи білім алып, біліктіліктерін күшейте түспек.
Бұл студенттерге ШҚТУ-да және Германияның жетекші техникалық университеттерінде бірден білім алуға бірегей мүмкіндік береді.
Серік Құсанбаев