KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде микроавтобус жүргізушілері наразылық білдірді

25.04.2012, 18:00 162


Семейде микроавтобус жүргізушілері наразылық білдіруде. Олар жұмысқа шығудан бас тартып, өз бәсекелестеріне қарсы наразылық шарасын ұйымдастырды.

Даудың басы қаланың орталық бөлігін шет аймақтармен байланыстыратын екі бағыт екен. Компания тасымалдаушыларының айтуынша, олар жолаушы тасымалдауға тендерді жеңіп алған, ал бәсекелестері осы бағытпен заңсыз жолаушы тасымалдап жүр. Сондықтан жүргізушілер мен кондукторлар заңсыз тасымалдаушылардың жұмысын бөгеп, оларды қоршауға алып, өздері заңды қызмет көрсетіп отырған аймақтан қудалауға тырысып бақты. Ал бәсекелестер болса мұндай тыйымға қарамастан басшылықтың бұйрығы бойынша жолаушы тасымалдауды жалғастырамыз деп мәлімдеп отыр. Митингке шыққандар тіпті жолды жауып тастауға дайын екендіктерін айтады. Ал мұндай жағдай орын алса, ең алдымен тиісті жеріне жете алмайтын жолаушылар зардап шегетіні сөзсіз. Бүгін де олар үйреншікті бағыттағы көліктерге отыра алмай, өзге рейстермен жүрулеріне тура келген, деп хабарлайды КТК.

Марат Асқаров, жүргізуші:


- Мұны бәрі төбелеспен, қол көтерумен аяқталады. Әне, қараңыз, әлден жұдырықтасып жатыр. Егер тиісті шара қолданылмаса, 1-мамырдан бастап көпірдің екі жағын бірдей жабамыз. Кешке дейін аш тұрсақ та, көпірді жабатын боламыз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив