"Бұл - ереуіл емес". Өскемендегі №262 бағыттағы қоғамдық көліктер өзінің жұмысына қайта кірісті

Бүгін таңертең Жібек маталар комбинаты ауданының тұрғындары аялдамада сағаттап тұрып, жұмысқа жете алмай қалған.
Өйткені №262 шағын автобустары соңғы аялдама - "Кемежайда" жиналып алып, жүрмей қойған.
Өскемен қалалық Жолаушы тасымалдауды басқару орталығы бұл тасымалдаушы компания мен жүргізушілер арасындағы келіспеушілік деп мәлімдеме жасады.
- Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары, бұл - ереуіл емес. Тасымалдаушы компания мен жүргізушілер арасында келіспеушіліктер туындаған. Бұл жағдайға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселе шешім тапқан соң қосымша ақпарат беретін боламыз, - деп жазды мекеме өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Артынша қала әкімінің орынбасары Арман Искаков, Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы мен Жолаушыларды тасымалдайтын компания жүргізшілердің назын білмекке арнайы кездесті.
- Жүргізушілер тасымалдайтын компанияның, яғни жұмыс берушінің ішкі тәртібіне қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды. Келіссөз барысында тасымалдаушы компания - жеке кәсіпкер Кривошеев тиісті олқылықтардың орнын алатын болып, достық келісіммен тарқасты. Сағат 13.30-дан бастап №262 бағыттағы автобус өзінің жұмысына қайта кіріседі, - деп мәлімдеді Жолаушы тасымалдауды басқару орталығы.