KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Шуақты мерекенің шапағатына бөленейік!

19.03.2012, 18:00 177


Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Жыл басы саналатын Наурыз алдағы уақытты айшықтайды. Осы
жыл белгіленген әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды жүзеге асыруда табысты болып, еліміздің халықаралық беделін арттыра түсетін кезеңге айналады деп сенеміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ этносаралық қатынас саласындағы мақсатты және сарабдал саясатының арқасыңда Қазақстанда бейбіт өмір, келісім және өзара түсіністік салтанат құрған.
Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқы бірлік пен ынтымақтың үлгісі болды және бола бермек. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелте берсін.
Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады дейді ата-бабаларымыз. Олай болса, киелі Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Наурыз мейрамы құтты болсын, қадірлі жерлестер!

Бердібек САПАРБАЕВ,
Шығыс Қазақстан облысының Әкімі

Григорий ПИНЧУК,
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив