KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығысқазақстандық студенттер ерледі

18.03.2012, 18:00 194


Спорттың сегіз түрінен 27 жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен өткен еліміздің төртінші қысқы универсиадасы мәреге жетті.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спортшылары жалпы командалық есепте осымен төртінші мәрте жеңімпаз атанды. Олардың осындай табысқа жетуіне қол күре
сі мен гир спортының саңлақтары елеулі үлес қосты. Мәселен, қол күресінен Ақерке Құнапиянова, Диана Ағзамова, Назерке Егінбаева, Мөлдір Байғалиева, Рустам Маликов, Нұржан Ибраев, Қуат Жүнісов, гир спортынан Нұржан Ибраев, Амантай Сұлтан сынды студенттер бірінші орындарды жеңіп алды.
Командалық есепте қол күресінен қыздар мен жігіттер бірінші, гир спорты шеберлері үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ, биатлоншылар мен шаң-ғышылар командалары да жеңіс тұғы-рының жоғары сатысына көтерілді.
– Универсиадада Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сатыбалды Қыдырханов пен бапкер Владимир Гелерттің шәкірттері үздік өнер көрсетті. Университет ректоры Мейір Ескендіров спортшыларға қаржылай көмек көрсетіп, арнайы спорттық киім-кешектермен қамтамасыз етті, – дейді ШҚМУ-дің аға оқытушысы, қол күресі және гир спорты бойынша бапкері Әділ Абдығалиев.
Қысқы универсиада қорытындысында жалпы командалық есепте Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті екінші, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті үшінші орындарды иеленді.

[url=http://altaynews.kz/admin.php?mod=addnews&action=addnews]altaynews.kz[/url]




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив