KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Өлкеңіздің кереметін танытқыңыз келсе...

4.03.2012, 18:00 114


Өскемендегі ұлттық баспасөз клубында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар осы басқарманың ұйымдастыруымен жарияланып отырған «Шығыстың жеті кереметі» атты облыстық байқауын насихаттау мақсатында баспасөз конференциясын өткізді.

– Облыстық мәдениет басқармасы өлкеміздің тарихи, мәдени маңызды орындары мен нысандарын қорғау, насихаттау, сол арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында жыл сайын игілікті шараларға мұрындық болып келеді, – деді басқарма бастығы. – Атап айтқанда, өткен жылғы «Түрксой» ұйымымен бірлесе отырып өткізілген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль сынды шаралар биыл да жалғасын таппақ. Мәселен, биыл облысымызда дәстүрге айналған «Туған ел – алтын бесігім» акциясын көршілес Ресей, Қытай және Моңғолиядағы қандастарымыздың қатысуымен халықаралық дәрежеде өткізбекпіз. Ал бүгінгі баспасөз мәслихатына арқау болып отырған «Шығыстың жеті кереметі» байқауының да маңызы зор.
Облыс аумағындағы мәдени және табиғи орындарды, тарихи маңызы бар жерлерді сақтау мен қалыпқа келтіру ісін қолға алып, өлкеміздің ғажайыптарын көпшілікке паш етуді көздейтін бұл шара 1-31наурыз аралығында өтпек. «Таңғажайып табиғи нысан», «Мәдени немесе тарихи нысан», «Бірегей дәстүр, оқиға», «Өнер шығармашылықтары», «Рухани мұра нысаны», «Еркін тақырып» атты алты аталымнан тұратын байқауға республиканың барша азаматтары қатыса алады. Байқау интернет сайттары және СМС арқылы берілген ұсыныстар мен дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мәдениет басқармасына хатпен жолдау ар-
қылы да ұсыныс жасауға болады (www.culturevko.gov.kz, yk.kz).
Жақсылық Мұқашұлы аталмыш байқаудан басқа бас-қарма тарапынан биыл ұйымдастырылатын өзге де маңызды шараларға тоқталып, журналистердің сан түрлі сұрақтарына жауап берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив