KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Бишілер Өскеменде бақ сынайды

4.03.2012, 18:00 115


Қазақстанда алғаш рет қазақ билерінен ұйымдастырылып отырған «Құс жолы» атты чемпионат пен халықаралық Ұлттық азиялық билер байқауы 16-17-наурыз күндері Өскемен қаласында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуын-ша, басты мақсат – ұлттық қазақ билерін насихаттау және жан-жақты жетілдіру, көпшілікті әртүрлі бағыттағы қазақ билерімен таныстыру болып табылады.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірі-нен, сондай-ақ, Моңғолия, Қытай, Өз-
бекстан және Грузия елдерінен үміт-керлер қатыспақ. Мың бұралған би-шілердің өнерін бағалау үшін Астанадан «Қара жорға биі» ассоциациясының президенті Жанаргүл Диханова, Ресейден көрнекті балетмейстер Елена Власова және алматылық хореограф Лариса Ушова арнайы шақырылған.
Аталмыш жобаны Өскемен қалалық әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі хореографиялық «Найман» би студиясымен бірлесе қолға алыпты. Бұл шара алдағы уақытта дәстүрлі жалғасын таппақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив