KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Елімізде ақша айырбастау пункттерінің саны азайып келеді

17.10.2018, 11:34 161


Елімізде ақша айырбастау пункттерінің саны азайып келеді. Валюта айырбастайтын пункттерін жауып жатқандардың дені – еліміздегі екінші деңгейлі банктер екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүгіннің өзінде еліміздегі ақша айырбастау пунктттерінің саны алты пайызға азайған және жабылып жатқан пункттердің жартысынан көбі, дәлірек айтқанда 66 пайызы екінші деңгейлі банктерге, ал қалғаны заңды тұлғаларға тиесілі екен.


Мамандардың айтуынша, қазақстандықтардың евровалютаға деген қызығушылығы артып келеді. Мәселен, биылығы жаздың соңы мен күздің басында сатылған евро саны 40 пайызға өсті. Тек тамыз айының өзінде 72 миллиард теңгенің евросы сатылған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 39 пайызға артық, дейді мамандар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив