KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Бүркітші қыз Айшолпан Өскеменде оқуы мүмкін

24.09.2018, 11:01 367



Білім және ғылым минстрі Ерлан Сағадиев әлемге танылған бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызына жоғарғы оқу орнына түсуге көмектеседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Айтайық, бүгінде Айшолпанды АҚШ-тың Гарвард, Оксфорд сынды беделді оқу орындары шақырып отырғаны мәлім.


– Гарвард университетінде оқыған өте қиын. Десе де, Айшолпан олар ұсынған бірнеше бағыттың ішінен өзі қалаған мамандығын алып шыға алады, – деді Ерлан Сағадиев.


Сондай-ақ министр Айшолпанға Қазақстанда білім алуға мүмкіндік бар екендігін айтты.


– Айшолпанға қандай көмек керек болса да қол ұшын созуға даярмыз. Жыл сайын елімізге Моңғолиядан келіп оқитын балаларға білім гранттары бөлінеді. Олар әсіресе Алматы мен Өскеменді таңдайды. Басым бөлігі жұмысқа орналасып, елімізде қалады. Егер Айшолпан біздің елдегі бір жоғарғы оқу орынды таңдап отырса, мен сол университетке түсуіне көмектесемін, – деді Ерлан Сағадиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив