Үйіңіз су басу қаупі бар аймақта болса...
көрнекілік сурет: flectone.ru
Кез-келген жағдайды алдын ала бағамдап, тиімді әрекет ету арқылы ғана тасқын суға тосқауыл қоюға болады.
Егер баспанаңыз су басу қаупі бар аймақта орналасқан болса, мына ержелерді ескеріңіз:
- Үй ауласын қар мен мұздан тазартыңыз;.
- Қапқа құм, топырақ, балшық нығыздап, үйді қоршаңыз;
- Ертерек қамданып, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріңіз;
- Жертөледегі азық-түлікті шығарыңыз;
- Шұғыл эвакуация жағдайында қажет болатын ауыз су, азық-түлік және тағы басқа заттарды дайындаңыз;
- Құжат, ақша, құнды қағаздар мен бағалы заттарды үнемі қауіпсіз жерде ұстаңыз;
Кенет су деңгейі көтерілген жағдайда:
- 112 нөміріне хабарлаңыз;
- Байбалам салмаңыз, шұғыл және мақсатты түрде әрекет етіңіз;
- Газ бен электрді өшіріңіз;
- Құтқарушылар келгенше көмекті биіктеу жерде күтіңіз және эвакуацияға дайын болыңыз.