Еріктілер гуманитарлық көмек жинап жатыр – ШҚО
Фото: Ермек Имангазинов
«Творим добро вместе» еріктілер қозғалысының ШҚО-дағы өкілдері Абай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға жіберу үшін гуманитарлық көмек жинап жатыр.
Қазіргі кезде азық-түлік пен ыдыс аса қажет заттардың қатарында, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Бір рет қолданылатын ыдыс қажет. Макарон, қарақұмық, ет, картоп, сәбіз, пияз сынды азық-түлік өнімдері қажет. Сонымен қатар печенье, пірәндік, рафинадталған қант, сұйық сабын, ыдыс жууға арналған заттар, қолғап қажет. Одан өзге дәке, лейкопластырь, сутегі тотығы, күйікті емдеуге арналған дәрі-дәрмек керек, – дейді «Творим добро вместе» қозғалысының координаторы Татьяна Беркман.
Координатордың дерегінше, азық-түлікті Карбышев көшесі 54, «Мирный» базары мекенжайына сағат 9.00-ден 18.00 аралығында өткізуге болады. Заттарды сонымен қатар С.Нұрмағамбетов, 52 мекенжайында сағат 10.00-ден 21.00 аралығында қабылдайды. Заттарды өткізу үшін 8-777-316-74-88 телефон нөміріне хабарласу қажет. Толық ақпарат алу үшін 8-705-185-54-65 нөміріне хабарласуға болады.