Ұлан ауданындағы ферма 45 тонна бекіре етін өндіреді
Шығыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балық өсіретін ферма жұмыс істейді.
Мұнда әлемдегі ең заманауи технологиялардың бірі қолданылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жобаның қуаттылығы өте жоғары – 45 тонна бекіре етін өндіре алады.
Сонымен қатар «Ost Fish» фермасында жылына 4 тонна уылдырық алынады. Өнімдер Қазақстан ішінде, ТМД елдерінде және алыс шет елдерде сатылымда. Кәсіпорын жақын арада өндіріс көлемін ұлғайтуға ниетті.
Оқи отырыңыз