Риддерде су басудан зардап шеккендер көмексіз қалмайды
Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев Риддер қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін өзен суы деңгейінің көтерілуінен Риддер қаласында алты үйдің ауласын, оның ішінде екі үйді су басқан. Оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев шұғыл түрде жетті. Ол жерде қазір жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Аймақ басшысы судан жапа шеккен тұрғындармен тілдесіп, келтірілген шығын өтелетінін айтты.
Оқи отырыңыз