Риддердегі су басқан үйлерге келген шығын анықталып жатыр
Риддердегі аулалары мен үйлерін су басқан тұрғындарға келтірілген шығынды өтеу үшін тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Материалдық шығынды толық анықтау үшін көктемде шығын көлемі тағы да есептеледі. Өйткені қар еріген соң үйлердің іргетасы орнынан жылжуы мүмкін.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Риддер қаласындағы үй-жайларын су басқан тұрғындармен сөйлесіп, оларға тиісті көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл күнде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылып, келтірілген материалдық шығын есептелуде.
Қала әкімінің айтуынша, қазір аулалардағы су мотопомпалардың көмегімен сыртқа шығарылып болды. Енді үйлердің іргетасы мен іші арнайы аппараттармен кептіріле бастаған. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Қуаныш Рахметоллаұлы