KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

Өскемендегі «Үміт» балаларды қолдау орталығында Б.М.Сапарбаев атындағы алаң ашылды



7.02.2024, 21:00 135 0 ALTAINEWS

Ешқандай сағатқа, сенбі мен жексенбіге қарамай жұмыс істеп, өзі бес жыл басшы болған, еңбек еткен  Шығыстың шырайын кіргізіп, Өскеменді өсіріп кеткен қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың есімі облыс орталығындағы   «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін  де ардақты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

9 ақпан  - Бердібек Мәшбекұлының туған күні қарсаңында  орталықтың тәрбиеленушілері қоғам қайраткеріне арнап еске алу кешін өткізіп, өздері тұрып жатқан шаңырақтың ішінен «Б.М.Сапарбаев атындағы алаң» ашты.

- Бердібек Мәшбекұлының біздің балалардың өміріндегі орны ерекше. Ол кісінің бастамасымен жүзеге асқан, қазіргі күні жалғастырылып жатқан «Мейірім» қайырымдылық акциясы қаншама баланы қанатының астына алып, баспаналы болуына игі ықпалын тигізді. Қарапайым киіммен жүретін Бердібек Мәшбекұлы қысы-жазы, қай кезде болмасын біздің балалардың қасынан табылып, жағдайын сұрап, асханадағы тамақ дайындайтын блокқа да кіріп, қандай тамақ ішіп жатқандарына дейін көріп кетуші еді. Әр баламызды білетін, - деп еске алды ұлт қайраткерін орталықтың директоры Майра Бейсеқанова.

Рухани кеште бас қосқан «Үміт» балаларды қолдау орталығының  тәрбиеленушілері мен осындағы тәрбиешілер Бердібек Мәшбекұлының балалық шағы, отбасы, өнегеге толы өмір жолы туралы телесұхбаттарды тамашалап, елінің ардақты ұлы туралы естеліктерін айтып, еңбектерін еске алды.

- Бердібек Мәшбекұлы біздің үлкен жанашырымыз  болған еді. Ол кісі біздің балалардың Түркия сияқты шетелдерге шығып, өнер көрсетуіне қолдау көрсетіп, үнемі жанымыздан табылып жүрді, өмірімізді жарқын сәттерге толтырды, - деп еске алды өзі де бір кезде осы балалар үйінен түлеп ұшқан, қазір орталықта педагог ұйымдастырушы болып жұмыс істеп жатқан Евгений Северьянов.

Еске алу кешінде «Үміт»  арнаулы әлеуметтік қызметттерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының директоры Майра Бейсеқанова мен облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева «Б.М.Сапарбаев атындағы алаңды» салтанатты түрде ашып, орталықтағы ұл қыздарды ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсетіп кеткен азаматтың өнегелі жолын жалғастырып,  өз Отанын өркендетуге үлес қосар ұлағатты ұрпақ болуға шақырды.

 Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив