KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

ШҚО-ның жасағанын басқа облыстар жасай алып отырған жоқ - Бердібек Сапарбаев

21.09.2019, 05:50 158

ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген вице-премьер Бердібек Сапарбаев бүгін Алтай ауданын аралап жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ең алдымен вице-премьер Тұрғысын ауылының тұрғындарымен кездесіп, көп балалы аналар мен зейнеткерлердің қал-жағдайларын сұрап білді. Жиында қазіргі өзекті мәселелер - атаулы әлеуметтік көмек, несие, еңбекақының көтерілу жайы айтылды.

- Сіздер білесіздер, осы ауылда бұрын да кездесу өткіздік. Біздің жұмыс - сіздерге Президент Жолдауында айтылған міндеттерді барынша жеткізу. Халықтың әл-ауқаты мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Осыған сәйкес үлкен шаруалар атқарылып жатыр, - деді Бердібек Сапарбаев.

Алтай қаласындағы Инсульттік орталықтың жұмысымен танысқан Бердібек Мәшбекұлы мұндағы дәрігерлердің жалақысына баса назар аударды.

Орталықта жұмыс істейтін жас маман Қайдар Құтжановтың Семейден жолдама арқылы келгеніне екі жыл болыпты.

- Жалақым 170 - 180 мың теңгенің аралығында. Үй берілді, жағдайымыз жаман емес, - дейді дәрігер.

Аудан орталығында заманауи медициналық құрылғылармен қамтылған Инсульт орталығын ашу оңай емес екенін айтқан вице-министр аурухана ұжымына алғыс білдіріп, облыс әкімі Даниал Ахметовтың әлеуметтік салалар бойынша жүргізіп жатқан жемісті жұмыстарына жоғары баға берді.

- Қай кезде, аудан орталығының дәрігерлері Англияға барып тәжірибелерін шыңдап еді, қай кезде аудан орталығында копьютерлік томография болып еді? Денсаулық және басқа да салалар бойынша ШҚО жасап жатқан жұмысты қазір ешқандай облыс жасай алып отырған жоқ, - деді Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң вице-премьер және ШҚО әкімі "Горняк" мәдени орталығының ғимаратында халықпен кездесу өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив