KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Зайсан ауданының тұрғыны экзотикалық құс өсіреді



8.02.2024, 18:03 381 0

Жасыл құрлықты мекендейтін эму түйеқұстарын климаты қатаң Қазақстанға, оның ішінде қысы қаһарлы Шығыс өңіріне жерсіндіруге болады екен. Осыдан бір жыл бұрын австралиялық түйеқұстарды Зайсанға әкеліп, өсіріп жатқан жеке кәсіпкер Ержанаттың тәжірибесі бұған дәлел.

Жеке кәсіпкер экзотикалық құстың бұл түрін қолда өсіріп ғана қоймай, пайдасын да көре бастаған. Келешекте оның жұмыртқасын сатып, табыс таппақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 


Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұсты ауылға әкелмес бұрын алдын ала зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде эмудың біздің өңірдің қатаң климатына тез бейімделе алатыны белгілі болған. Өйткені ол ыстыққа да, суыққа да төзімді. Азық та талғамайды. Малға беретін жоңышқа мен құрама жемді жей береді. Бір түйеқұс күніне 3 кг шамасында жем жейтін көрінеді. Сонымен қатар өздеріне қарайтын адамдарға тез үйреніседі екен. Демек басқа адамдар келген кезде мінез көрсетуі де мүмкін. Қазір шаруашылықта тоғыз түйеқұс бар.

 

– Кәсіпті бастамас бұрын түйеқұспен айналысып отырған шаруалармен ақылдастық. Осылайша бұл істі бастап көруге бел будық. Біздің елде таңсық құс болғандықтан алдын ала зерттеулер жүргізілді. Тәуекел етіп, Семейден түйеқұстарды алып келдік. Қазір өсіп жатыр. Қазақстан мен Австралияның табиғатында ұқсастық көп болғандықтан бұл құстар біздің өңірге де жылдам жерсініп кетті. Бұл шаруаны дөңгелетіп, пайда тауып отырғандар елімізде бар. Алдағы уақытта түйеқұстарды көбейтіп, жұмыртқасын сатуды көздеп отырмыз, – деді Ержанат Қалиханұлы.

 Эмудың ересек түрлерінің салмағы 75-80 кг болады. Бойы 170-190 см шамасында. Олар желге, суыққа төзімді, қыста да далада жүре береді. Бір маусымда 20-50 жұмыртқа табады. Жұмыртқасының салмағы 2,5-4 кг болады. Олардың тіршілік ету ұзақтығы шамамен – 25-35 жыл.


Қуаныш Рахметоллаұлы


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив