Жасыл жұмыртқа табатын қара тауық өсіріп отыр – ШҚО

Шағын кәсіпті дамытуға қолдау көрсету - мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Бұл мүмкіндікті әр өңірдің тұрғындары тиімді пайдаланып келеді. Соның бірі ретінде тауық өсіріп отырған тарбағатайлық Бауыржан Қалиевті айтуға болады.
Тарбағатай ауданының маңырақ ауылының тұрғыны 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алып кәсіп бастаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шағын кәсіптің тізгінін қолға алған Бауыржан Қалиев тауық өсіріп, жұмыртқа сатып отыр. Ол тәжірибе ретінде жасыл жұмыртқа табатын қара тауықты да қоса сатып алған. Қазіргі уақытта жұмыртқасын да, тауығын да сатып пайда тауып отыр.
Кәсіпкерге әлеуметтік желіде қолдау көрсетіп, нағыз кәсіптің адамы екендігін жазып жатқандар бар.
Фото мен видео: Бейбітгүл Шаяхметова