KZ
Өскемен
+9°
туман жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Өскеменге Зайсаннан жәрмеңке келеді

Фото: turkystan.kz

15.09.2023, 17:02 142 Ләззат Қанатқызы

Ертең облыс орталығынан Зайсаннан жәрмеңке келеді.

15-16 қыркүйек күндері Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасының аясында  Зайсан ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал 16 қыркүйекте сағат 08:00 - 14:00 аралығында әдеттегідей Fresh Market сауда орталығында сенбілік жәрмеңке өтіп, оның аясында қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру және қой мен серке көтеру сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылмақ.

Жәрмеңке қонақтарына палау, ыстық бауырсақ пен түрлі тәттілер тегін таратылады.

Ал, кешкі 16.00-де Арбат демалыс орнында аудандық өнерпаздар концерт қойып, қолөнер, балалар шығамашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі, сурет көрмесі мен өзге де конкурстар өтеді. Сондай-ақ садақ ату, арқан тарту және қаппен картоп, ұн көтеру сайыстары да ұйымдастырылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив