KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, З
480.61 534.53 5.28

ШҚО Полиция департаментіне Нигерия азаматынан ағылшын тілінде алғыс хат келді

19.02.2019, 11:38 80

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне Нигерия азаматынан алғыс хат келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осыдан біраз уақыт бұрын Өскеменде қонақтаған Нигерия азаматы Абаси Чурчил Эммануэль (Obasi Churchil Emmanuel) өзінің төлқұжаты мен ықтиярхатын жоғалтып алған. Бұл алыс шетелден келген қонақ үшін айтарлық қиын мәселе болғаны анық. Себебі Қазақстанда Нигерия елшілігі жоқ. Ал құжаттарды қалпына келтіру көп уақытты алар еді.


Абырой болғанда, қалалық тәртіп сақшысы «Ивушка» гастрономының маңынан нигериялықтың жоғалған құжаттарын тауып, оның мекен-жайын анықтап, үйіне әкеліп берген.


Өз алғыс хатын  ағылшын тілінде жазған Чурчил Эммануэль Қазақстан полициясының барлық қызметкерлеріне, атап айтқанда ШҚО Полиция департаментіндегі полиция капитаны Данияр Мәкенғалиға зор құрмет білдіретіндігін жеткізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив