Өскеменде тағы бір бала жоғалып кетті
Өскемен қаласының тәртіп сақшылары сегіз жастағы баланы екі сағат ішінде іздеп тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полицияға баланың әжесі хабар берген. Тәртіп сақшылары Меновное кентінің аумағын жаяу да, қызметік көлікпен де шолып шықты.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы полиция капитаны Арман Мамаев, полиция лейтенанттары Тілек Айтмұхаш және Еркежан Жакупова тапты. Бала үйіне аман-есен жеткізілді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.
Баланың әжесі құқық қорғау органдарына алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз