KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өскемендік әйелдің «бір түрлі» қылығы камераға түсіп қалды (видео)

14.02.2019, 05:01 103

Өскеменде белгісіз әйел адамның қаладағы мекемелердің бірінде оғаш қылығы бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға 13 ақпан күні болған. Облыстық достық үйіндегі ішкі бақылау камераларына түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып жатыр. Бейнежазба авторлары «бір түрлі» әйелдің кіреберіс есіктің табалдырығынан 40 рет қайталап аттағанын айтады. Бұдан кейін ол түсініксіз  сөздер айтып түкіріп, асығыс кетіп қалған.


Орталықтың қызметкерлері бейтаныс әйелді іздеп тауып, іс-әрекетінің себебін түсіндіруді талап етпекші. Осы мақсатта бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялаған екен.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив