KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Кез келген қоғамдық тәртіп бұзушылық тіркеледі

Фотосурет ғаламтордан алынды

18.09.2024, 13:00 129 Қуаныш Рахметоллаұлы

Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Бейнебақылау жүйесін жаңғырту және кеңейту» жобасын іске асыратын «Satory Company Ltd» ЖШС компаниясымен бірлесіп, Өскемен қаласында бейнебақылау жабдықтарын қосты. Құрылғылар алдағы уақытта құқық бұзушылықтарды тіркейтін болады.

Жоба аясында бұрын орнатылған жабдықтар да, жаңа бейнебақылау камералары мен жол қозғалысы ережесін бұзуғандарды тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер де қосылады.

-Осыған байланысты қала тұрғындарынан әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды сұраймыз, - деп ескертті басқармада.

Айна Есенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу