KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Қалмұхамбет Қасымов қызметінен босатылды, орнына Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды

12.02.2019, 09:21 149

Қалмұхамбет Қасымов орнын босатты. ҚР Ішкі істер министрі болып Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


«Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын» - делінген Елбасы жарлығында.


Е.Тұрғымбаев осыған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде болған (2012 жыл).


Ерлан Тұрғымбаев Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған. Білімі бойынша заңгер, ішкі істер органдарында қызметін 1984 жылы бастаған. Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ІІБ ЖҚБ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді. 1986 жылдан 2002 жылға дейін Алатау және Калинин АІІБ-нің тергеу-жедел бөлімшелерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ІІББ-да әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2002 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін ҚР ІІМ тоғызыншы департаментінің, 2002 жылдың қыркүйек айынан 2003 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің, 2003 жылдың сәуірінен 2006 жылдың мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басқарма басшысы болды. Ал 2006 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың шілде айына дейін ҚР ІІМ Тергеу комитетіне басшылық қызметке келсе, 2006 жылдың шілдесінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін Алматы ішкі істер департаментінің басшы, 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ІІМ мен ІІД құрмет грамоталарымен марапатталған.



Ерлан Тұрғымбаев (суретте)


Айта кетейік, осыған дейін аталмыш министрлікті басқарып келген Қалмұхамбет Қасымов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.


«Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», - делінген Елбасының жарлығында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив