Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қазақстандықтар белгілі адамдардың атын жамылған алаяқтардың құрбаны болды. Блогер әрі PR-сарапшы Әлішер Елікбаев есімі алаяқтық схемаларда қолданғанын мәлімдеді.
Елікбаев айтуынша, оның атынан Қазақстанда жоспарланған Уоррен Баффеттің жабық семинарына шақырту таратылып жатыр. Алаяқтар шақырту үшін 100 мың теңге сұраған.
"Менің парақшаларыма әсер еткен жоқ. Алаяқтар жай ғана балама парақша ашып, ақылы Telegram-арна алып, таныстарыма хабарлама жібере бастайды. Мендегі нөмірлерді алаяқтарға жіберетін фишинг бағдарлама жүктеп алған болармын. Менің ойымша, олар бұл тізім бойынша кездейсоқ хабарламалар жібереді. Мысалы, жақын араласпайтын таныстарым бар, хат алмасып тұрған адам оларға "інішек", "сен" дейді. Алаяқ екенін осылайша түсінеді, өйткені мен әдетте олармен бұлай сөйлеспеймін", - деді блогер Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.