19-шағын ауданда жарық өшіріледі. Қашан және қай көшелерде?
Бүгін Өскеменнің 19-шағын ауданында электр энергиясын тарату уақытша ажыратылады.
Бұл туралы қалалық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі әлеуметтік желіде тұрғындарға хабарлады.
- «Сол жағалау» РЭС "БЭСК" АҚ жоспардан тыс жұмыстар жүргізуіне байланысты сағат 13.00-ден 17.00-ге дейін 19-ықшамаудандағы көше бойындағы келесі үйлердің электр жарығынан ажыратылатынын айтады: Көкжал Барақ көшесі (үй 19, 20, 21/2, 22, 24, 24/1, 24/2, 24/3), Әл Фараби даңғылы (2/1, 2/2, 4) және көш. Увалиев көшесі (9/3), - делінген хабарламада.