KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

1000 АЕК айыппұл немесе...Әскерден жалтарған адамға қандай жаза бар?

21.06.2022, 10:52 265

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарды әскер қатарына шақыру – резонанс тудырып, жиі талқыланып жатыр.

Иә, жыл сайын Қазақстан Президенті азаматтардың шақыруын жариялайды. Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылады.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақыруға жатады (Заңның 31-бабы).

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.

Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі (Заңның 30-бабы).

Әскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді де ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-б. 3-т.).

Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив