KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
511 602.72 6.49

Салмағы 2 тонна сиырды құтқару операциясы - ШҚО

30.04.2022, 19:05 379

Сиыр таудан төмен сырғып кетіп, төтенше жағдайға тап болды.

Жануарға көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сиыр жайылып жүріп, абайсызда төмен сырғып, жарға кетіп қалған. Жануар өздігінен шыға алмаған.

Осылайша толық құтқару операциясын жүргізуге тура келді.

- Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы арқандардың көмегімен сиырды таудың басына қарай шығарды. Барлығы 6 құтқарушы жұмылдырылып, салмағы 200 келіден асатын жануарды аман-есен шығарды. Қазір сиыр аман-сау, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу