KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Головкин Муратаны нокаутпен жеңді

10.04.2022, 10:51 122

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді.
Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді - жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке орамал тастады.  
Осылайша, кеше 40 жасқа толған Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та поляк Камил Шереметаға қарсы өткізіп, оны нокаутқа түсірген еді. Сол кезде 21-рет әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқаннан кейін рингке шықпаған. Ал Мурата болса рингке 2019 жылдың желтоқсанынан бері шығып отыр, сол кезде канадалық Стивен Батлерге қарсы кездесуде титулын сәтті қорғап шыққан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив