KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Семейлік тұрғын танысына 500 млн теңге онлайн-несие ресімдеп, алданды

8.04.2022, 12:37 126

Семейдің полиция басқармасына 19 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 20 жастағы танысына микрокредиттік ұйымнан 500 000 теңге несие алып бергенін айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, танысы несиені өзім жауып отырам деп уәде берген екен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірген, одан жауап алу барысында қаскөй кінәсін мойындаған.

- Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясы бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив