KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Университетке жұмысқа орналаспақшы болған семейлік тұрғын алданды

9.02.2022, 16:05 301

Қаңтар айының соңында Семейдің «102» жедел арнасына 40 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалып, 2021 жылдың қазан айының соңында бейтаныс әйел қала университеттерінің біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, өз қызметі үшін 550 000 теңге сұраған. Ақшаны берген соң, біршама уақыттан кейін ойлағаны іске аспаған жәбірленуші өзінің алданғанын түсінген. Оларды ортақ танысы таныстырғаны мәлім болды.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері қаскөйдің тұлғасын анықтап, қолға түсірген. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деп айыпталған қүдікті, алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсағанын айтып, өз кінәсін мойындаған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бүгінде 28 жастағы күдіктіге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу