KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Полицейлер кептеліс кезінде баланы ауруханаға жедел жеткізуге жәрдемдесті – Өскемен

7.04.2022, 09:19 129

5 сәуір күні кешкі сағат 20:00 шамасында облыс орталығы көшелерінің бірінде бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған 11-ші борт нөмірі «Боран-19» ПА жол-патрульдік қызметінің инспекторлары полиция аға лейтенанты Д.Т. Рамазанов пен Д. Е. Әбілқасымовтың қызметтік автокөлігінің есігін ер адам қағып, көмек сұраған.

Шамасы 40-45 жастағы ер адам оның көлігінде кішкентай ұлы шұғыл медициналық көмекке мұқтаж екенін айтып, тынысы тарылып, тұншығып бара жатқан баласын дереу балалар ауруханасына жеткізуді өтінген. Көліктердің тығыз кептелісіне байланысты ауруханаға тез жету мүмкін емес деп қорықққан баланың әкесі жол-патрульдік қызмет қызметкерлеріне жүгінуді шешкен.

«Полицейлер жағдайдың ауырлығын түсініп, болған жағдай туралы кезекшіге есеп беріп, ер адам мен оның ұлын ертіп жүруге шешім қабылдаған. Арнайы дыбыстық сигналдар мен жарқылдауық маяктарды қосып, инспекторлар автомобильді ертіп, 5 минут ішінде медициналық мекемеге жеткізді. Баланы дәрігерлерге тапсырып, өздерінің қызметін атқаруды жалғастырды», -деп хабарлады Өскемен қ.ПБ бастығы Андрей Мула.

Балаға тиісті медициналық көмек көрсетілді және қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әкесі де ұлының жағдайы туралы инспекторлармен бөлісті, қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу