Өскемендегі ЖМК ауданының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда
Өскеменде сайлауда бірінші болып өз дауысын бергісі келгендердің қарасы ЖМК шағын ауданынында байқалды.
Тұрғындар сайлау учаскелер сағат 7: 00-де ашыла сала бірден келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Ол осы учаскеде сайлау өткізудің жақсы ұйымдастырылғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 537 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 32-сі - азаматтардың уақытша болатын орындарында.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, аймақта барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия бар. Оларда 3609 комиссия мүшесі, оның ішінде 84 аумақтық сайлау комиссияларының мүшесі және 3525 учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі қызмет көрсетеді.
Сайлауға өңірдің 500 мың тұрғыны қатысады деп болжануда.
Айта кетейік, учаскелер жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.