ШҚО-да тұрғындардың 79,49 пайызы өз таңдауын жасады
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша шығысқазақстандық тұрғындардың 79,49% бюллетень алды.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, өңір учаскелерінде дауыс беру процесін бақылау тұрғындардың азаматтық белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетіп, жауапты органдардың жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20.00-дегі жағдай бойынша жалпы ел бойынша дауыс берушілер көрсеткіші 69,31% құрады.
Жексенбі күні, толассыз қапалақтап жауған қарға қарамастан тұрғындар саяси науқанға белсенді түрде қатысты.
Жалпы ШҚО-да барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істеді, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия. Оларда комиссиялардың 3 мың 609 мүшесі, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының 84 мүшесі және учаскелік сайлау комиссияларының 3 мың 525 мүшесі жұмыс істеді.