KZ
Өскемен
-19°
туман жел 2 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

ШҚО-да күн суып, қар жаууы мүмкін

24.02.2023, 19:18 617 Ләззат Қанатқызы

Атмосфералық фронтальды ағындар әсерінен алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

“Қазгидромет” РМК ақпаратына сүйенсек, шығыста нөсер жауын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, күн сууы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Термометр бағаны түнде -13…-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Суық қысқа мерзімді болады. Күндіз облыс аудандарындағы ауа температурасы -4-тен -6 градусқа дейін өзгереді.

Өскеменде ертең қар жауып, демалыс күндері ауа температурасы түнде -12…-14 градусқа дейін, күндіз -4…-6 градусқа дейін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу