Семейде есірткі зертханасының ұйымдастырушысы ұсталды - ҰҚК
Семейде есірткі зертханасы анықталып, жойылды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 15 қаңтарда Семей қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті А. есімді азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.
"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан бес келі а-PVP психотроптық зат, 50 келі синтетикалық есірткі дайындауға арналған прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.
Факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Оқи отырыңыз