Ауылдасында тұрған бұзауды жетектеп кеткен - Семей
8 желтоқсан күні Семей қаласының Әуезов ПБ «102» жедел арнасына Семей қаласының маңында орналасқан ауылдық округтің 48 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың маусым айының соңында ауылдың шетіндегі еркін жайылып жүрген 8 айлық қара-ала бұзауды белгісіз тұлғалар жасырын ұрлап кеткенін хабарлаған. Шығын сомасы 250 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 44 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «кепілге босату» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ҚР ҚК-нің 188-1 – бабы-мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».
Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.