ШҚО-да жұмысшы жастар арасында «Қайратты жастар» байқауы өтті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Өскемендегі О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жұмысшы жастар арасындағы дәстүрлі «Қайратты жастар» байқауы өтті.
«Шараның мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облыстағы ірі кәсіпорындар арасында жастар бәсекелестігін арттыру, жұмысшы мамандықтарды насихаттау, техникалық бағыттағы білім алып жатқан ЖОО мен колледж студенттерін кәсіпорындармен таныстыру. Байқауға облыстың 7 ірі кәсіпорны, атап айтқанда «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭС» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС «Кәсіп Қорған» Одағы, «Шығыстүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС қатысты», - делінген мәліметте.

Төрт номинация бойынша үздіктер анықталды:
- «Үздік спорттық топ» - «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ
- «Үздік шығармашылық ұйым» - «Шығытүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені.
- «Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы» - «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС.
- «Үздік кәсіптік-бағдар беру бейнеролигі» - «Шығытүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені.
Байқау жеңімпаздарына облыс басшылығы атынан сыйлықтар табысталып, сертификаттар, алғыс хаттар берілді.