Бірқатар тас жолдарда қозғалыс шектелді – ШҚО
Фото: zakon.kz
Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі бірқатар тасжолдар жабылды.
Бүгін сағат 07.45-тегі жағдай бойынша үш бірдей тас жолда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда:
- «Шемонаиха-Секисовка» тас жолының 0-54 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін,
- «Тарханка - Топиха» тас жолының 0-12 шақырымы барлық көлік түрлері үшін,
- «Өскемен – Таулы Үлбі - Северное» тас жолының 38-60 шақырымы көлікті барлық түрлері үшін жабық.
"Облшығысжол" ЖШС ақпараты бойынша, 3 қаңтар күні сағат 07:15-тен бастап төмендегі жол учаскелерінде қозғалыс ашылды:
- «Өскемен - Тарғын – Самар» тас жолы (63-145 шақырымы, Тарғын-Самар ауылы) көліктің барлық түрлері үшін;
- «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» тас жолы (72 - 87 шақырымы) көліктің барлық түрлері үшін ашық.
Оқи отырыңыз