KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығыста ушу шеберлері ел кубогін сарапқа салып жатыр

10.02.2024, 12:22 204 Оразай Жеңісұлы

Шығыстың бас шаһарында ушу-саньда шеберлері ел кубогін сарапқа салып жатыр. 

Он үш өңірден жиналған екі жүзге жуық спортшы күш сынасуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Бүгінгі бәсекеде топ жарған спортшылар жазда болатын ел чемпионатында өнер көрсетпек. Ондағы жеңімпаздар Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. 

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов спортшыларға сәттілік тіледі. 

- Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортқа ерекше көңіл бөледі. Халықымыздың да бұл салаға деген ықыласы айырықша. Салауатты өмір салтын ұстанған адамның ой-санасы да сергек. Сондықтан сіздерге деген құрметіміз зор. Жарыстың әділ өтуіне тілектеспіз, - деді Нұрымбет Аманұлы. 

Бұл бәсекеде осалдар жоқ. Алда ірі дода тұрғанын айттық. Астаналық спортшы Аманжол Нұрхат та тек жеңіс үшін келгенін айтып, нық сөйлейді. 

- Мақсатым - айқын. Бірінші орынға қол жеткізіп, Азия бәсекесінде Қазақстан атынан сынға түсу. Мен бұған дейін әлемдік дода бақ сынап көрдім, тәжірибем жоқ емес. Жалпы, ушумен айналысқаныма жеті жыл болды. Осы жолды қуып, қайтсем де жоғары жетістікке жетемін, - дейді жас спортшы.

Ел Кубогінің ақтық жекпе-жектері алдағы екі күнде болады. Спортшыларымыз ірі доданың алдында тыңғылықты дайындықтан өтеді деген сенімдеміз.

Суреттер: Валерий Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу