COVID-19: Тәулік бойынша ауру жұқтыру жағдайлары азайып келеді
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 22 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Бұған дейінгі тәуліктерде ауру жұқтырғандар саны мыңнан аз болған еді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 769 адам тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 965 518-ге жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 108, Алматы қаласында - 119, Шымкент қаласында – 14, Ақмола облысында - 66, Ақтөбе облысында - 10, Алматы облысында - 22, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 26, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында -5, Қарағанды облысында - 110, Қостанай облысында - 72, Қызылорда облысында - 5, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 100, Солтүстік Қазақстан облысында - 99, Түркістан облысында - 3.