KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Өскеменде «Үздік киіз үй» байқауы өтеді

Фото: Анель Абзалбекова

4.03.2024, 13:06 87 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында Ұлыстың ұлы көніне орай ерекше байқау өтпек.
Қалалық әкімдік наурыз мейрамына орай «Үздік киіз үй» байқауын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған сайыс 22 наурызда Республика алаңында өтеді. Байқауға қатысуға өскемен қаласындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және ұжымдар шақырылуда. Сайысқа қатысушылардың өтінімдері 17 наурызға дейін oskemen_madenyety016@mail.ru. Электронды мекен-жайы бойынша қабылданады. 
Жеңімпаздарды анықтау үшін киіз үйдің ішкі безендіруі, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды көрсету, мерекелік нөмірлерге назар аударылмақ.
Сайыс жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары күтуде;

1 орын – экраны бар проектор;
2 орын – кофемашина;
3 орын – музыкалық аппаратура.


Байқаудың ережесімен қалалық әкімдіктің ресми сайтынан толық білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив