KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Өскеменде үздік киіз үй байқауы жарияланды

2.03.2024, 13:00 90 Назерке Каримова

Оған жергілікті барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер қатыса алады.

Байқау 22 наурыз күні республика алаңында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы аясында «Үздік киіз үй» қалалық байқауы өткізіледі. «Үздік киіз үй» байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады. Демеушілер 1-орынға экраны бар проектор, 2-орын кофемашина, 3-орын музыкалық аппаратура дайындады.

Байқаудың мақсаты және шарттарымен Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына өтіп, бекітілген Ережеден таныса аласыздар.

Байқауға қатысуға өтінімдер 17 наурызға дейін қабылданады. Толық ақпаратты 8-7232-57-79-98 нөмірі бойынша білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив