Белгісіз біреу «КШТ»-дағы теракт туралы полицейлерге хабарлаған
16 қараша күні таңертең сағат 5.13-те 102-арнасына Өскеменде терракт дайындалып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоңырау шалған адам, тіпті, уақыттын шамамен сағат 6-7 болатынын хабарлаған.
"Осы факті бойынша жауап алған 41 жастағы азамат бұл әзіл екенін түсіндірді. Болжам бойынша, 16 қараша күні кешке досы оған қонаққа келген, олар түні бойы спирттік ішімдік ішіп, сағат 5 шамасында өз үйінің аумағында итпен серуендеуге шығып, әзілдесуді шешкен. Ол Сәтпаев даңғылындағы үйлердің бірінде болатын террорлық шабуыл туралы хабарлаған. Шын мәнінде, ер адам террорлық шабуыл туралы ақпараттың рас еместігін мойындады, мас күйінде 102-арнасына қоңырау соққан", - деді Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Андрей Мула.
Айтқандай, сараптама ер адамның орташа масаю күйінде екенін анықтаған.
Әзілкешті жазасыз қалдырмады. Оған Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК 438-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды (арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) және 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.