KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
524.66 550.21 5.09

Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

16.11.2021, 16:15 121

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып, Атамқұлов құрылыс көлемінің өсуі және мемлекеттің инфрақұрылымға салынған қаржы - бұл қалыпты тренд және дағдарыс кезеңінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету жүйесі екенін айтты.

Сонымен қатар, министр бағаның өсуіне бірнеше басқа факторлар да әсер ететінін айтты.

"Нарық пен сұраныс факторы, нарықта артық ақша пайда болу факторы. Зейнетақы ақшасын пайдалану арқылы халықты қолдау өте дұрыс шешім болды. Бірақ бұл субъектив фактор, яғни ақша аласыз және жұмсай аласыз. Егер бұрын нарықта бір адам болса, енді бес адам пайда болды. Егер пәтеріңіз болса және оны жалға бергіңіз немесе сатқыңыз келсе, клиент пайда болғанын көресіз, ертеңінде екі, үш адам хабарласады. Әрине, ол жағдайда бағаны көтеру туралы ойлайсыз, кез келген қоғамда бұл қалыпты жағдай және ол нарықтағы басқа сатушыларға да әсер етеді", - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу