KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

Қырғыз елінде «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафоны басталады

Фото: gov.kz

15.04.2024, 10:10 185 Оразай Жеңісұлы

Қырғызстанда «Инициатива112» бастамасы бүгін «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафонын өткізеді. Марафон әлеуметтік желіде жүргізіледі, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіде болатын шара ертең Бішкек уақытымен сағат 15:00-де басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысуға ниет білдірушілер көбейіп жатыр. Олар су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандыққа рухани қолдау көрсеткісі келеді. Тікелей эфирге әлемнің әртүрлі елдерінен спикерлер қосылып, қолдау білдіреді», – делінген бастама хабарламасында.

Еске салайық, Қырғызстан Қазақстанға бұған дейін екі мәрте гуманитарлық көмек жіберді.

Бірінші ретте 6 сәуірде 300 тонна гуманитарлық жүк тиелген «Көмек керуенін» жолға шығарса, 13 сәуірде  сүт өнімдерінен тұратын көмек жіберді. Онда 10 мың литр айран, 10 мың литр сары май, 10 мың литр өсімдік майы, 20 тонна ірімшік және 80 тонна құрғақ сүт бар.

«Жүк қырғыз халқының өз күшімен жиналды және Президенттің резерв қорынан қосымша қаражат бөлінді», – делінген Қырғызстан ТЖМ хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив