KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Браконьерден 100 кг-ға жуық балық тәркіленді - ШҚО

4.11.2021, 13:40 190

Полицейлер заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады.

Ағымдағы жылдың 27 қазанында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Зайсан» көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі тыйым салынған аумақта балықты заңсыз аулаумен айналысқан 49 жастағы Көкпекті ауданы Үшкөмей ауылының тұрғынын анықтады.

Браконьерден «Обь» моторлы қайығы, 100 метрлік екі тор, жалпы салмағы 91 кг 3 қап заңсыз ауланған көксерке тәркіленді.

Күдіктіні заттай дәлелдемелермен аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Ер адамға қатысты шақыру бойынша келу бұлтартпау шарасы қабылданды.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335 - бабы 3-бөлігі бойынша «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив