Өскемендіктер елдік нышандарды ерекше ұлықтады
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігінің айғағы, біртұтастықтың нышаны, тарих сабақтастығының жарқын көрінісі.
Өскемендіктер айтулы күнде ауа райының қолайсыздығына қарамастан қала орталығындағы арбатқа жиналып, Әнұранды шырқады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жалпы облыс орталығында мерекелік шаралар лек-легімен өтіп жатыр. Түстен кейін басталған жалпықалалық QUEST SIMVOL зияткерлік сайысына 15 команда қатысуда.
Мерекелік шаралар «Менің елім!» фестивалімен жалғасты. Сондай-ақ жастардың сүйікті демалыс орнында «Қазақ Party – dance battle» ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары түрлі сайыстарға қатысып, караокеде патриоттық әндер шырқады.
Арбат төріне қойылған тақтаға қала тұрғындары ізгі тілектерін жазып қалдырды.