KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Жақсылық Омар өскемендіктерді қала күнімен құттықтады

13.09.2020, 08:11 220

Өскемендіктер әр жылдың қыркүйек айының екінші жексенбісінде қала күнін атап өтеді. Жыл да осы уақытта әр түрлі шаралар болып, мерекелік концерт өтіп, қалалықтар бір сергіп қалатын еді. Алайда биыл әлемдік пандемияға байланысты қала күні бұқаралық түрде атап өтілмейді. Көптеген шаралар онлайн форматта өтпек. 

Десе де, қала әкімі Жақсылық Омар өскемендіктерді қала күнімен құттықтауды ұмытқан жоқ. ОЛ өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында сүйікті қаланы, қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. 

- Құрметті жерлестер! Сіздерді Қала күнімен құттықтаймын! Өскемен күні, сүйікті қаламыздың күні құтты болсын! Биыл барлығымыздың денсаулықтан маңызды еш нәрсе жоқ екеніне көзіміз жетті. Сондықтан, ең алдымен, әрқайсыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және өркендеу тілегім келеді. Қаламыздың әр тұрғынының болашағы жарқын болып, армандары орындала берсін! Өскемен күні құтты болсын! - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив